08 шіл, 2020 сағат 07:26

Танымал актер Дархан Дайырбек өмірден озды

Қазақстанның мәдениет қайраткері, танымал актер Дархан Дайырбек 52 жасында өмірден озды, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Дархан Дайырбек 1968 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.

Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының, «Терісқақпай» театрының әртісі ретінде де көрерменнің ыстық ықыласына бөленген.

Ол кино актер ретінде «Әкім», «Құдалар», «Тамада ісі», «Қазақша тонау» фильмдеріне, «Бастық боламын», «Бақытсыздар бағы», «Елдің баласы», «Күй-ғұмыр» сериалдарына түскен.