Жаңа маусымда «Jibek Joly» телеарнасының көрермендеріне аңызға айналған «Тамаша» әзіл-сықақ театрының танымал нөмірлері мен актерлерінің сахна сыртындағы өмірі туралы жаңа сериал ұсынылады. Биыл «Тамаша» телебағдарламасының эфирге шыққанына 45 жыл толды.
Сериалда Қазақстанның мәдени мұрасының бір бөлігі саналатын шығармашылық ұжымның құрылу тарихы мен даму кезеңдері көрсетіледі. Авторлар көрермендерді Кеңес Одағының ыдырау және Тәуелсіздікке алғашқы қадамдар жасалып жатқан 90-жылдарға саяхатқа шақырады.
«Тамаша» шоуы алғаш рет 1978 жылы желтоқсанда сахналанды. Жарқын телебағдарламаның негізін қалағандар — режиссер Лұқпан Есенов пен редактор Қойшығұл Жылқышиев. Театр сахнасында Құдайберген Сұлтанбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Лидия Кәденова, Мейірман Нұрекеев, Тоқсын Құлыбеков, Уайс Сұлтанғазин, Гүлбаушан Тілеубекова және Данагүл Темірсұлтанова сынды актерлер өнер көрсетті.
"Телехикая 10 сериядан тұратын болады. Басты ерекшелігі — тарихи оқиғаға негізделмеген көркем сериал. Бұл сериалда болатын оқиға толықтай ойдан шығарылған. Тек кейбір эпизодтар "Тамаша" театрының актерлерінің өмірінде болған болған қызықты бір сәттерді сценарийге енгіздік", - дейді сценарий авторы Дархан Оспанов.
Сериалдың бас продюсерлері мен идея авторлары — Лұқпан Есеновтің қызы Әлия Есенова, «Аппақ Келін», «Тақиясыз Періште» сынды жобалардың авторы Қуат Садықов және «Қашан туасың?» жобасының авторы Тимур Смағұлов. Режиссері - Нұрғиса Әлмұрат, продюсерлері Эльмира Ысқақова мен Алмас Сағынулы, ал сценарий авторларының бірі әрі креативті продюсері Дархан Оспанов.
Сериалдың актерлік құрамы:
Құдайберген Сұлтанбаев - Ерлан Қасымжанұлы,
Тоқсын Құлыбеков - Толағай Қарасаев,
Данагүл Темірсұлтанова - Бақытгүл Серікбаева,
Уайс Сұлтанғазин - Жанат Тінбаев,
Мейірман Нұрекеев - Кенен Ақүрпеков,
Гүлбаушан Тілеубекова - Гоги Дәрібай,
Лұқпан Есенов - Алдабек Шалбаев,
Лидия Кәденова - Әйгерім Тасыбек,
Қайсар Дәрібаев - Мұхамедсаид Бағашаров,
Ақтоты Сағынова - Дильназ Қуанышева,
Мэлс Оспанов - Сырым Қашқабаев