«Нұр Отан» партиясы жұмысын жаңғырту мақсатында жүзеге асырып жатқан жаңа 22 жоба қазақстандықтардың өмірі мен тұрмысын жақсартуы тиіс. Бұл туралы партия Хатшысы Тамара Дүйсенова Ақтөбе қаласында өтіп жатқан «Бастауыш партия ұйымдарының» соңғы аймақтық форумында айтты.
Ақтөбедегі алқалы жиында Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан жиналған 200-ден астам партиялықтар бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыруға арналған тұжырымдама жобасын талқылады.
Форум барысында партия мүшелері партияның барлық қызметін цифрландыруға, партия мүшелерінің бірыңғай базасын құрып, құжат айналымын қысқартуға және партия қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған «Сандық партия» жобасымен танысты.
- Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партиямыздың түрлену жөнінде жаңғыру мәселесін қойған болатын. Сондықтан біздің бүгінгі кездесуіміз партиямыздың жүйелі жаңғыруына байланысты болып отыр. Жаңа жобалар – біркүндік акция немесе кеңселік шаралар емес, партия мүшелерінің еңбегі, нәтижесінде қазақстандықтардың өмірі мен тұрмысы жақсаруы тиіс, - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Тамара Дүйсенова.
Бүгінде Елбасы партиясы цифрландыру, Рухани жаңғырту, шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіби кадрлық резервті қалыптастыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыруды қолға алған.
Жобалар шартты түрде ішкі және сыртқы жобаларға бөлінген. Ішкі жобалар Партияның жұмысын жандандыруға арналған жобалар, бизнес процесстерді оңтайландыруға бағытталған. Мысалы, Цифрлық партия, кадрлік резерв және т.б. жобалар. Сыртқы жобалар қоғамға көмек беруге арналған. солардың қатарында «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» жобасы шеңберінде 8-16 жас аралығындағы балаларды бағдарламалау және робототехниканы факультативті тереңдетіп оқыту ұйымдастырылады. Осы жоба Рухани Жаңғырудың «Туған жер» бағдарламасы аясында іске асырылуда. Жалпы 2020 жылға дейін тегін 1000 ІТ-сыныптар ашылады деп жоспарланған.
Цифрландыру бойынша екінші жоба - «ІТ мамандарын оқыту» ақпараттық технологиялар саласында білікті мамандар пулын қалыптастыруға бағытталған. Жоба 2020 жылға дейін қазақстандық IT-компаниялар мен аймақтық университеттер базасында 20 IT-орталықтарының ашылуын көздейді, бұл жылына шамамен 35 мың адамды, соның ішінде жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды оқытуға мүмкіндік береді. IT-түлектерін жұмысқа орналастыруға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан көмек болады.
Бизнес – ұлттық экономиканың қозғаушы күші. Сондықтан Партия осы жұмысты күшейту үшін, бизнесті дамытуға арналған жобаларды қолға алуда.
Адамдар көбінесе партияның филиалдарына келіп, коммерциялық мақсатта жер туралы ақпараттың ашық еместігіне, рұқсат алу уақытының бірнеше айға созылу фактілеріне жиі шағымданады. «Бизнестің геоақпараттық онлайн – сервисі» партиялық жобасы осы мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл сервис - бизнеске қажетті ақпаратты бір жерден алуға мүмкіндік береді. Мысалы бос тұрған жер учаскелері, аукциондар және оларға қойылатын талаптарды бір ғана ақпарат көзінен ала алады. «Нұр Отан» осы жұмысты қоғамдық бақылауда ұстайды, Үкіметпен бірлесіп біріккен онлайн жүйе құру жолында.