10 қаң, 2021 сағат 11:34

Талғат Теменов: Болашағамыз бүгінгі сайлауға байланысты

Болашағамыз бүгінгі сайлауға байланысты. ҚР Парламенті сайлауына қатысты пікір білдірген кинорежиссер, кинодраматург, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ХХІ ғасырдың 21-ші жылындағы сайлауға АҚШ-тан келген немеремді ертіп бардым. Ол АҚШ-тағы сайлауды көрген, бірақ Қазақстандағы сайлау барысымен таныс емес еді. Сондықтан оны көрсін, білсін деген мақсатта апардым. 

Біз барған № 141 сайлау учаскесінде карантин талаптары толық сақталған. Ұйымдастырушылар алдымен келушілердің дене қызуын өлшеп, барлық қажетті сақтық шараларын жасап жатыр. Ел ерге, ер елге сенім артқан уақытта үкілі үміт артып таңдау жасадым. Өйткені болашағамыз бүгінгі сайлауға байланысты. Сондықтан жеріміз, тіліміз, діліміз үшін дауыс бердім», - деді Талғат Теменов.

Сонымен қатар, Қазақстанның халық әртісі барша қазақстандықтарды жарқын болшақ үшін таңдау жасап, тиісті сайлау учаскесіне барып дауыс беруге шақырды.