Қазақстанның Халық әртісі, профессор Талғат Теменов Абай өлеңінен үзінді оқу эстафетасын жалғастырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ұлы Абайдың 175 жылдығы қарсаңында ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы басталған болатын.
Танымал режиссер эстафетаны композитор Төлеген Мұхамеджановтан, ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттен, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловадан қабыл алып, Абайдың «Есіңде бар ма жас күнің» өлеңін оқыды.
Кезекті челленджді Т. Теменов қазақ өнерің әртістеріне, Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұжымына және Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мырзаға жолдады.