26 қар, 2025 сағат 11:43

Талғар ауданында мас адам 15 жастағы қызын пышақтап өлтірді


Фото: egemen.kz

Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында мас адам 15 жастағы қызын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Ult.kz Jagdai kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Туыстарының айтуынша, 10 қараша кешке әкесі асүйге кірген кезде қызы сонда болған. Араларында жанжал туып, мас күйінде ер адам пышақ алып, қызға 16 рет соққы жасап, бет-жүзін тілгілеп тастаған. Қыз оқиға орнында қаза тапты — үйде одан басқа ешкім болмаған.

Ер адам есін жиған соң, туыстарына өзі хабарласып, болған жайтты мойындаған. Бұған дейін әкесі мен қызы арасында жиі жанжал болып жүретін — қыз әкесінің ішімдікке әуестігінен ұялып, бірнеше рет полиция шақырған. Ер адам мұны көңіліне алып қалған. Кейін ол полиция бөлімінде бір туысына:

«Ол мені алқаш деді. Содан кейін не істеп қойғанымды түсінбей қалдым. Бәрі көзіме бұлдырап кетті», — деп айтқан.


Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның анасы полиция жұмысына көңілі толмайтынын айтты. Туыстары қыздың жеке деректерін жарияламауды сұрады.