29 сәу, 2021 сағат 18:32

Талдықорған тұрғынынан 9 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ ұсталды


Алматы облысында 9 млн теңге ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ақпанның 28-і күні Талдықорған тұрғыны полицияға арызданған. Шағымданушы өзінен белгісіз адамдардың 9 миллион теңге бопсалағанын жеткізген. 

Іс ҚР ҚК 194 бабы бойынша тіркеліп, 20-ы сәуір күні күдіктілер арнайы операция кезінде ұсталды. Шараны Сарқан аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізді. 26, 28 және 58 жастағы күдіктілер қолға түсті. Тінту барысында олардың бірінен оқ, қару тәркіленді. Ұсталғандар қамауға алынды.