Фото: TravelPress.kz
Kazakh Tourism ұлттық компаниясы Оңтүстік-Шығыс Азия нарығымен байланысын күшейтіп, Thai AirAsia X әуекомпаниясымен Алматы – Бангкок бағыты бойынша тікелей рейс ашу мәселесін талқылады. Рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап іске қосылуы жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ult.kz.
Бағыттың ерекшелігі:
-
Thai AirAsia X үшін Орталық Азияға алғашқы тікелей рейс;
-
Ұшу Дон Муанг әуежайынан жүзеге асырылады (аймақтағы ірі авиациялық хаб);
-
Аптасына 4 рет: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі;
-
Airbus A330 ұшағымен.
Туризм әлеуеті артып келеді
Өткен жылы Таиландтан Қазақстанға 5 500-ден астам турист келсе, соның 4 200-і қонақүйлерде орналасқан. Kazakh Tourism халықаралық әріптестікті кеңейтіп, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысын нығайтуда.
Kazakh Tourism басшысы Даниел Сержанұлы:
«Thai AirAsia X компаниясының Орталық Азиядағы алғашқы бағыты ретінде Қазақстанды таңдауы – елімізге деген қызығушылықтың артқанының белгісі. Бұл қадам Қазақстанды өңірлік саяхат хабына айналдыруға ықпал етеді».
🇹🇭 Thai AirAsia X бас директоры Паттра Чаярпанит:
Жаңа рейс қос ел арасындағы туристік ағымды арттырады.
Қазақстан мен Таиланд арасында 30 күнге дейін визасыз режим бар, бұл сапарларды одан да ыңғайлы етеді. Келіссөздерге Қазақстанның Таиландтағы елшілігі қолдау көрсетті.
