Таиландта 78 жастағы қазақстандық әйел суға кетіп, көз жұмды. Оқиға Паттайя провинциясында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Таиландтағы жағдай бойынша, қайғылы оқиға 26 қыркүйекте тіркелді. 78 жастағы қазақстандық азамат Паттайя провинциясында суға кеткен. Алдын ала ақпарат бойынша, егде әйел суға тұншығып, көз жұмған. Алайда, біз медициналық тексерістің нәтижесін күтіп отырмыз», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте.
Оның айтуынша, егде әйелдің жары денені кремациялап, Қазақстанға жеткізу туралы шешім қабылдаған.
«Олар жергілікті ритуалды компаниямен байланысқа шыққан. Жағдай бақылауда», - деді Айбек Смадияров.