02 шіл, 2021 сағат 10:15

Тағы екі өңір "қызыл" аймаққа өтті


2 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында Ақмола мен Маңғыстау облыстары "қызыл" аймаққа, ал Қызылорда облысы "сарыға" өтті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды, Маңғыстау облыстары.
"Сары" аймақта: Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары.
"Жасыл" аймақта: Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.