28 ақп, 2021 сағат 07:00

Қазақстандағы Covid дерегі: 849 науқас, 15 өлім тіркелді

28 ақпан күні Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус инфекциясын жұқтырушылар 849 адамға артқанын, аурудан тағы 15 адамның қайтыс болғанын хабарлады.

Жаңа тіркелген науқастардың 791-інде ПТР тесті оң шыққан (КВИ+), 58-інде ПТР теріс шыққан, бірақ оларға ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония (КВИ-) диагнозы қойылған.

Қайтыс болған 15 адамның 13-і КВИ+, екеуі КВИ- науқастары қатарынан анықталған.

Қазақстанда ПТР тестімен расталған науқастардың күнделік саны бір күннен соң, коронавирус пневмониясы, Covid өлімі деректері екі күннен соң жарияланып жүр. Яғни вирус жұқтырғаны анықталған 791 науқас 27 ақпан күні тіркелсе, коронавирус пневмониясына шалдықты деген 58 науқас пен 15 адамның өлімі 26 ақпан күні тіркелген.

Осылайша вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастардың жалпы саны 212 809 адамға жетіп отыр. Оның 196 342-сі жазылып шыққан, 2756-сы қайтыс болған. Аурудан көз жұмғандар статистикасына вирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмей қалған.

Қазақстан үкіметі былтыр 1 тамыздан бастап ПТР тестімен расталмаған коронавирус пневмониясы есебін жүргізе бастады. Пневмонияның бұл түрімен тамыздың басынан бері 49 284 адам тіркеліп отыр. Оның 42 093-і жазылып шыққан, 622-сі көз жұмған.

Қазақстан билігі коронавирус статистикасын КВИ- және КВИ- деп екі бөлек санап отыр. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы секілді халықаралық ұйымдар бұл екі деректі біріктіріп көрсетіп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, қазір коронавирус инфекциясынан 20 280 адам (13 711 КВИ+ және 6 569 КВИ-) емделіп жатыр. Оның 4 483-і стационарда, 15 797-і амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр. 249 науқастың жағдайы ауыр, 52 науқастың жағдайы өте ауыр, 42 науқас өкпені желдету аппаратына қосылған.

Өңірлер бойынша жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтан қаласында - 25053 (+92),

Алматы қаласында - 24977 (+99),

Шығыс Қазақстан облысында - 21998 (+53),

Атырау облысында - 17167 (+46),

Павлодар облысында - 17535 (+80),

Қарағанды облысында - 15401 (+53),

Ақмола облысында - 13580 (+70),

Батыс Қазақстан облысында – 12973 (+63),

Солтүстік Қазақстан облысында - 12310 (+35),

Қостанай облысында - 12312 (+63),

Алматы облысында - 10796 (+69),

Шымкент қаласында - 6147 (+24),

Жамбыл облысында - 5947 (+12),

Түркістан облысында - 4284 (+8),

Маңғыстау облысында - 4226 (+7),

Ақтөбе облысында - 4262 (+11),

Қызылорда облысында - 3841 (+6).