17 қаң, 2020 сағат 14:08

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан-Түркия қарым-қатынасы талқыланды

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Түркияның жаңадан тағайындалған Елшісі Уфук Екиджиді қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды талқылады. Сондай-ақ Түркия Елшісі сенім грамотасының көшірмесін тапсырды», - делінген ҚР СІМ мәліметінде.

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында 2,8 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл 2018 жылдың осы кезеңіне қарағанда 67% көп (1,5 млрд доллар). Экспорт көлемі 2 млрд доллар, ал Түркиядан Қазақстанға импорт 0,8 млн долларды құрады.