14 қаз, 2016 сағат 14:11

Сырқатынан айыққан Назарбаев қызметіне оралды

Елбасы Бас прокурор Жақып Асановты қабылдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап. 
 
Кездесу барысында Жақып Асанов Мемлекет басшысына құқық қорғау органдарының жұмысы жөнінде мәлімдеп, "100 нақты қадам" ұлт жоспарын іске асыру жолындағы тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салайық, 11 қазанда Ақорда Елбасының салқын тиіп сырқаттанып қалғанын хабарлаған болатын.