Елбасының Жарлығымен Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылсын", - делінген құжатта.
Ғабит Байжанов 1963 жылы 1 қарашада дүниеге келген.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі директорының орынбасары (2006 ж.); «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (2009-2015 ж.ж.);«Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры (2015-2018 ж.ж.) қызметтерін атқарған.
2018 жылы 19 қыркүйекте ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалған.