Фото: parlam.kz
Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Светлана Жақыпова 1968 жылы 16 қаңтарда дүниеге келген. 1991 жылы Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтын, 2006 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолы
Қарой бастауыш мектебінде ұзартылған күн тобының тәрбиешісі, бастауыш сыныптардың мұғалімі (1984 - 1986);
16 орта мектебінде, 36 бастауыш орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі (1991 - 1995);
"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола қалалық бөлімшесі операциялық есеп жүргізу бөлімінің аға маманы, бас маманы (1997 - 1998);
"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола (Астана) қалалық филиалының экономикалық талдау бөлімінің бас маманы, бастығы, филиал директорының орынбасары (1998 - 2001);
"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола облыстық филиалының директоры (2001 - 2008);
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры (2008 - 2011);
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Жобалау офисі бағдарламалар басшысы (2011 - 2013);
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (19.08.2013 - 08.2014);
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2017 - 2019);
Қазақстан Республикасы президенті жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл (12.06.2023 жылдан бастап).