11 нау, 2021 сағат 12:00

Сұйытылған газ бағасын мемлекеттік реттеу не үшін тоқтатылды?

ҚР Энергетика министрлігі газ және мұнай-газ-химия департаментінің директоры Қуаныш Сәрсекеев сұйытылған мұнай газы бағасын мемлекеттік реттеу не үшін тоқтатылғанын айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2021 жылдың бірінші тоқсанына ведомство сұйытылған мұнай газының көтерме бағасын ҚҚС-сыз 38 701 теңге/тонна деңгейінде бекіткен (бағалар 2018 жылғы 1 қаңтардан бері өзгермеген). 

2020 жылы да баға қосымша құн салығынсыз 38 701 теңге/тонна болған, ал 3 тоқсаннан бастап – сұйытылған газдың әлемдік бағасы төмендеп, ҚҚС-сыз 28 мың теңге/тонна болған. 

Қазақстанда 1 наурыздан бастап автогаз құю станцияларында сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағасын уақытша мемлекеттік реттеу алынып тасталды.

«Атамекен» ҰКП мен салалық қауымдастықтар бірнеше рет мемлекеттік органдарға бұйрықтың күшінде болу мерзімін шектеу туралы өтініш білдірді. Оны ұзартқан жағдайда кәсіпкерлерде штат пен қызметкерлердің жалақысын қысқарту қаупі туындар еді. Сондай-ақ кейбір өңірлерде белгіленген төмен бағалар газ көлемі қымбаттау басқа өңірлерге ағылуына ықпал етуі мүмкін, бұл өңірлерде сұйытылған мұнай-газ тапшылығын тудыруы мүмкін еді», - дейді Қ. Сәрсекеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Бұған дейін көктемгі дала жұмыстарына 380 мың тонна дизель жеңілдікпен берілетіні хабарланған еді.