15 ақп, 2022 сағат 12:55

«Сұр майнерлердің» мүлкін тәркілеу заңнамада қарастырылмақ


«Сұр майнерлердің» мүлкін тәркілеу заңнамада қарастырылатын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Цифрлық майнинг бойынша негізгі іс-шаралар 3 бағыт бойынша жүргізіледі. «Сұр майнерлер» бойынша біріншіден, Энергетика министрлігі және құқықтық органдардан құрылған мобильді топтардың револьверлік тексеру жүйесі енгізілетін болады. Екіншіден, оларды жүйелі түрде анықтау үшін ұйымдардың тізімі жасалып, тұтынылатын электр энергиясының тарихи деректері құрылады және салықтық, кедендік тексерулердің нақты алгоритмі қолданылатын болады. Үшінші, уәкілетті органдармен бірлесе отырып, ІР адрестерге шектеу қою арқылы сұр майнерлердің іс-әрекетіне тыйым салу тетіктері пысықталады», - деді министр. 

Сондай-ақ ол тиімді шешімдердің бірі «сұр майнерлердің» мүлкін тәркілеуді заңнамада қарастыру мәселесі талқыланатындығын баса айтты. 

«Аталған іс-шаралар Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Энергетика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп қабылданады.