06 мам, 2020 сағат 18:38

Су қоймасы апатынан баспанасынан айырылғандарға мыңнан астам үй салынады - Тоқаев

Үкімет Өзбекстандағы су қоймасы апатының салдарынан баспанасынан айырылған азаматтарға арнап, мыңнан астам үй салады. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Үкімет Өзбекстандағы су қоймасы апатының салдарынан баспанасынан айырылған Түркістан облысының азаматтары үшін мыңнан астам тұрғын үй салуға кіріседі», - деп жазды Мемлекет басшысы.