26 мау, 2021 сағат 13:12

Су добынан ҚР құрамасы әлемдік ерлер лигасының суперфиналында ойнайды


Бүгін, 26 маусымда Грузия астанасы Тбилисиде су добынан ерлер әлемдік лигасының суперфиналы өтеді. Турнирге Қазақстан командасы да қатысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, қазақстандық су добының шеберлері Жапония, Грузия және Италия командаларымен бірге А тобына түсті. 

В тобына Черногория, АҚШ, Греция және Франция командалары енген.

Бірінші ойында Қазақстан құрамасы Италия командасымен кездеседі. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады.