Фото: pixabay.com
"Қаржы орталығы" АҚ 2024-2025 оқу жылының 1-семестрінің 1-курсында білім алушыларға ағымдағы жылдың қыркүйек айының мемлекеттік стипендиясы қазан айының ішінде төленетінін хабарлады. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.
Бұл төлем 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес 30 қыркүйектегі жағдай бойынша ЖЖОКБҰ есептерін тексергеннен кейін жасалады екен.
"Сондай-ақ, жаңадан түскен Медициналық жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне қыркүйек айының стипендиясы қазан айында екі айға (қыркүйек-қазан) қосылып төленетінін хабарлаймыз.
Ауыспалы курс студенттерінің контингентіне (барлық басқа студенттерге) қыркүйек айының мемлекеттік стипендиясын төлеу ЖЖОКБҰ ұсынған есептерге сәйкес жүзеге асырылады, яғни стипендия қыркүйек айының соңына дейін түсетін болады. Төлемдер айдың аяғында(қазанда) жүргізілетін болады", - делінген "Қаржы орталығы" АҚ хабарында.
Сондай-ақ "Қаржы орталығы" АҚ 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 "Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес стипендиялар төлеу жүргізілетінін хабарлап отыр.