Страсбург билігі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қаладағы 18 жастан кіші тұрғындар үшін қоғамдық көлікпен жүруді тегін етуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Le Parisien газеті хабарлады.
Басылым мәліметінше, қоғамдық көлікпен тегін жүру құқығына қаланың 80 мыңға жуық тұрғыны ие болады. Бұл шара қала орталығында көмірқышқыл газы қалдықтарының санын төмендету мақсатында енгізілуде. Газеттің жазуынша, билік тегін жүруді енгізген соң, ата-аналардың балаларын жеке көлікпен тасымалдауы азая түседі. Тегін жүру үшін, 18 жасқа дейінгі тұрғындарға көліктік компанияға қалада тұратынын дәлелдейтін құжатты ұсынуы қажет болады.
Биліктің есептеуінше, бұл шара арқылы екі баласы бар отбасы жылына 550 еуроға дейін қаржыны үнемдей алады.