16 сәу, 2019 сағат 11:47

"Сталинді қолдайтын ресейліктер саны бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті"

Ресейліктердің 70 пайызы Сталиннің тарихтағы рөліне оң баға береді. "Левада-центр" орталығы жүргізген сауалнамаға сәйкес, жауап берген азаматтардың тең жартысына жуығы Сталин репрессиясын ақтауға дайын, деп жазады Азаттық.

2019 жылы наурызда орталық жүргізген сауалнамаға қатысқан әрбір екінші адам (51 пайыз) Сталинге сүйсінетінін не құрметпен қарайтынын айтқан. "Атын естігенде тітіркенемін", "қорқамын" не "жиеркенемін" деп Сталинге негативті қарайтындар саны үш есе аз - 14 пайыз.

Сауалнамаға қатысқандардың 19 пайызы Сталиннің Ресей тарихындағы рөліне теріс баға берген.

Сталин мен оның тарихтағы рөліне оң баға беретіндер арасында Ресей коммунистік партиясын жақтайтындар ғана емес, президент сайлауында Владимир Путин мен Владимир Жириновскийге дауыс бергендер де бар. Әлеуметтанушылар сөзінше, барлық жас санаты бойынша Сталинге оң баға беретіндер басым түскен.