27 мау, 2021 сағат 10:51

Спорттық гимнастика: Милад Карими әлем кубогінде «қола» алды


Милад Карими Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастика бойынша әлем кубогі кезеңінде қола жүлде алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы гимнастикалық керме бойынша жаттығуды сәтті орындап, үздік үштік қатарынан көрінді. Аталған санатта кипрлік Мариос Гиоргиу топ жарса, бразилиялық Артур Мариано екінші орынға тұрақтады. 

Айта кетерлігі, Милад Карими қол тіреп секіруде – жетінші, ал қоссырық бойынша жаттығуда төртінші болды.