19 қыр, 2024 сағат 19:44

Спорттық бағдарламалау Спорттың басым түрлерінің республикалық тізіміне енгізіледі


19 қыркүйекте Астанада спорттық бағдарламалаудан 2024 ICPC World Finals - әлем чемпионатының финалына арналған баспасөз мәслихаты өтіп, онда ұйымдастырушылар мен басты спикерлер журналистердің сұрақтарына жауап беріп, Қазақстандағы ІТ саланы әрі қарай дамыту жөніндегі жоспарларды талқылады.

Баспасөз мәслихатына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин, ІСРС президенті Билл Паучер, Қазақстан спорттық бағдарламалау федерациясының президенті Бағдат Мусин, Freedom Holding Corp. директоры Тимур Турлов, Huawei Technologies Kazakhstan директорлар кеңесінің басшысы Сью Хай, JetBrains инвестициялар, зерттеулер мен білім беру бойынша вице-президенті Андрей Иванов қатысты. 


Бағдат Мусин өз сөзінде Қазақстан спорттық бағдарламалау федерациясының адами капиталды дамытуды және елді цифрландыруда алға жетелейтін ІТ мамандар қауымдастығын құруды көздейтінін айтты. Ол қазақстандық командалардың чемпионаттағы нәтижелері бәсекеге қабілеттіліктің жоғары екендігін көрсетеді - ҚБТУ командасы турнирдегі есептердің бірін алғаш болып шешті. Федерация спорттық бағдарламалаудан командаларды жаттығулар, тренингтер мен кемптер арқылы қолдауды жалғастырады, сонымен қатар ІТ материалдар баршаға қолжетімді болуы үшін қазақ тіліне аудару бойынша жұмыс жүргізеді.


«ІТ мамандар мен бағдарламалаушылар өзара қарым-қатынас құрып, бірге дамып, Қазақстанның ІТ индустриясының болашағына үлес қоса алатын платформа жасап отырмыз. Біз үшін командалардың халықаралық жарыстарға қатысуы ғана емес, спорттық бағдарламалаудың жалпыға қолжетімді әрі танымал болуы маңызды», - деп атап өтті Мусин. 


Freedom Holding Corp. директоры Тимур Турлов адами капиталға салынған инвестицияның болашағы мол екенін және жас таланттарды қолдаудың маңызы туралы айтты. Ол ICPC World Finals сынды шаралар болашақ мамандарды даярлауға ғана емес, ІТ әлеуеті жоғары мемлекет ретінде Қазақстанның халықаралық беделін көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті. 

«Бұл біз үшін жай таланттарды іздеу ғана емес, ол - келешекте елдің ІТ аренада өзін бәсекеге қабілетті сезінуі үшін адами капиталған салынатын ұзақ мерзімді инвестиция. Осы арқылы жаһандық технологиялық кеңістіктегі орнымызды нығайта аламыз деп сенеміз», - деді Турлов. 



Баспасөз мәслихатының ең маңызды сәті - Туризм және спорт министрлігі және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасындағы екіжақты Меморандумға қол қою болды. Бұл құжат елдегі спорттық бағдарламалаудың жаңа даму көкжиегін ашып, оны Спорттың басым түрлерінің республикалық тізіміне енгізеді. 

«Қуанышты жаңалықпен бөлісейін. Бүгін ІСРС Қазақстанда жаңа деңгейге ие болды, спорттық бағдарламалау енді Спорттың басым түрлерінің республикалық бағдарламасына енгізіледі. Туризм және спорт министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ІСРС аясында меморандумға қол қойды. Бұл бірлескен бастамаларға тың серпін беріп, көптеген жас таланттарды тартуға көмектеседі», - деп жаңалықпен бөлісті Бағдат Мусин. 


Меморандум спорттық бағдарламалауды жастар арасында танытуға, білім беру бағдарламаларына енгізуге және жарыстар өткізуге, сондай-ақ осы дисциплина үшін инвестиция тарту мен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Қос тарап Қазақстандағы ІТ индустрияның әрі қарай дамытуда маңызды қадам болатын ІТ сектордағы адами капиталды нығайту және білім беру мекемелерін қолдауда бірлесіп жұмыс атқаруға келісті. 

«ІТ индустрияның біздің арқамызда өркендей түскенін есепке алғанда, ІСРС үшін ең маңызды нәрсе - оның өсуіне көмектесу. Біз үшін ең бастысы - интеллектуалды даму, пікірлес адамдардың қарым-қатынасы мен қауымдастығымызды дамытуға деген ұмтылыс», - деді ІСРС президенті Билл Паучер. 


Чемпионаттың финалында жеңімпаздар хабарланып, үздік командаларды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. 

Іс-шара туралы толық ақпарат пен бағдарлама Федерацияның ресми сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларымызда қолжетімді: Instagram: @cpfed.kz. Telegram: @cpfed. 

Қазақстан спорттық бағдарламалау федерациясының бас демеушісі - Freedom Holding Corp., “Freedom Шапағат” корпоративтік қорының қолдауымен. 2024 ICPC World Finals демеушілері - Huawei, JetBrains. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қолдауымен ұйымдастырылған.