12 ақп, 2021 сағат 11:24

Қазақстанда жаттықтырушылардың еңбекақысы екі есеге артады

Премьер-Министр Асқар Мамин елімізде спортпен айналысатын азаматтардың санын арттыру бойынша жоспарды айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2025 жылға қарай балалар мен жеткіншектерге арналған және балалар-жасөспірімдер дене даярлығы клубтары барлық тірек ауылдарда сәйкесінше 139 және 174-ке артып, бір мыңнан асады. Ерекше қажіттіліктері бар ересектер мен балаларға спортпен айналысу үшін барша спорт кешендерінде тиісті жағдай жасалады», - деді Мамин Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде.

Оның айтуынша, 2023 жылға қарай жаттықтырушы-оқытушылардың еңбекақысы екі есеге артады. 

«Жоспарланған іс-шаралар нәтижесінде спортпен айналысатын азаматтарды қамту 30-дан 45 пайызға дейін көтеріледі», - деді Үкімет басшысы.