Фото: E-Qazyna.
Қазақстанның қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компаниясы бұрын шенеуніктер мен кәсіпкерлерге тиесілі болған 63 сәнді лотты аукционға шығармақ. Бұл лоттардың жалпы құны – 353 миллион теңге, деп хабарлайды Ult.kz.
Аукционның басты әшекейі – De Beers сырғалары. 6 каратты гауһар тастармен безендірілген бұл сырғалар 158 миллион теңгеге бағаланып отыр.
Сатылымға қойылған басқа да құнды бұйымдар:
- Van Cleef & Arpels алқасы — 55 млн теңге (17 карат гауһар);
- Yeprem жүзігі — 14,7 млн теңге (85 гауһар тастармен әшекейленген);
- Frank Muller алқасы — 7,5 млн теңге (230 гауһар).
Әшекейлердің бұрынғы иелерінің есімдері ресми түрде жарияланған жоқ.
Фото: E-Qazyna.
Аукцион 4-7 наурыз аралығында бағаны көтеру форматында өтеді. Қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарна төлеу қажет.
Сонымен қатар, бұған дейін олигархтардан тәркіленген қымбат сағаттар ақпан айының соңында бөлек аукционда сатылатын болады.