Фото: paryz.kz
Алматы қалалық соты «Дикий Арман» лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиевке шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Ult.kz.
Сот бұл іс бойынша барлық фигуранттарға қатысты бірінші инстанция сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Сот отырысы жабық түрде өтті.
Айта кетейік, 2025 жылы Алматыда Арман Жұмагелдиев қылмыстық тобымен Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және азаматтарды ұрып-соқты деп жазаға тартылған.
Сот үкімімен Арман Жұмагелдиев ҚР ҚК-нің 262-бабы 1-бөлігі, 268-бабы 1-бөлігі, 272-бабы 1-бөлігі, 272-бабы 2-бөлігі, 28-бабы 3-бөлігі, 125-бабы 3-бөлігі, 1-тармағы, 126-бабы 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
