18 мау, 2020 сағат 15:53

Сооронбай Жээнбеков телефонмен сөйлесу барысында Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Сооронбай Жээнбеков Елбасының тезірек сауығып кетуін және Қазақстан халқының игілігі жолында атқарып жатқан күнделікті қызметіне жақын арада оралуын тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президентіне жылы лебіздері үшін ризашылығын айтып, бауырлас екі елдің арасындағы тату көршілік қатынастар одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз жағы бастамашы болды.