14 қаз, 2020 сағат 07:15

Соңғы тәулікте пневмониядан 3 адам қайтыс болды

2020 жылғы 14 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 321 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 269 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бері 35 234 адам дертке шалдығып, 373 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 978 жетті.