04 қар, 2025 сағат 16:02

Соңғы бес жылда әйелдердің жалақы өсімінің қарқыны ерлерге қарағанда жоғары болды


Фото: gov.kz

2025 жылы Қазақстан Республикасында медианалық жалақы 317512 теңгені құрады және 2024 жылмен салыстырғанда 11,1%-ға өсті, нақты мәнде 0,4%-ға өсті, деп хабарлайды Ult.kz.

Статистика бюросының дерегінше үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 85000 теңге мөлшерінде белгіленді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы бойынша орташа жалақы 405416 теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 11,3%-ға артық, нақты мәнде жалақы 2,4%-ға өсті.

Соңғы бес жылда орташа жалақы 1,9%-ға өсті, бұл ретте әйелдердің жалақы өсімінің қарқыны ерлерге қарағанда жоғары болды.

100000 теңгеге дейін орташа айлық жалақыны 3,3% қызметкерлер, 100001-ден 150000 теңгеге дейін – 10,5%, 150001-ден 300000 теңгеге дейін – 32,5%, 300001-ден жоғары – 53,7% алды.

Фото: stat.gov.kz

2025 жылы Қазақстан Республикасында медианалық жалақы 317512 теңгені құрады және 2024 жылмен салыстырғанда 11,1%-ға өсті, нақты мәнде 0,4%-ға өсті.

Салалар бойынша 2024 жылмен салыстырғанда медианалық жалақының ең жоғары өсуі қаржы және сақтандыру қызметінде – 31,3%, көлік және жинақтауда – 24,1%, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 22,9% белгіленген.
Медианалық жалақының ең төмен өсімі тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсетуде – 2,7%, сондай-ақ білім беруде - 5,9% болып тіркелді.

Өңірлер бойынша медианалық жалақының ең жоғары өсу қарқыны Астана қаласында байқалды, онда өсім 18,0%-ды құрады. Орташа жалақының ең төмен өсу қарқыны Маңғыстау облысында – 6,8%-ды құрады.

Фото: stat.gov.kz

Жас топтары бойынша қызметкерлердің жалақысын салыстыру барысында ең төмен жалақыны 16-дан 24 жастағы қызметкерлер – 279875 теңге, ең жоғары жалақыны 35-тен 44 жаста (455070 теңге) және 45-тен 54 жасқа дейін (430045 теңге) алғанын көрсетеді.

Ең жоғары өсім 45-тен 54 жасқа дейінгі санатта – 15,3%, ең төмен 65 жас және жоғары санатта – 5,9% құрады.


Білім деңгейі бойынша қызметкерлердің жалақысы орта біліммен - 289673 теңгені, жоғары біліммен – 497563 теңгені және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен – 672493 теңгені құрады.

2024 жылмен салыстырғанда жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен қызметкерлердің жалақысы ең жоғары өсім 20,3%-ды, ең төмен – 10,0%-ды орта білімі бар қызметкерлер жалақысы құрады.