#
#
Бейсенбі 29/10/2020

Соңғы 10 жылда елімізде 2,6 млн бала пневмококкқа қарсы екпе алған – ДСМ

  • 17.10.2020
  • 0
  • 179

Қазақстанда пневмококк инфекциясына қарсы жоспарлы вакцинациялау жалғасып жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына орай ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жауабында айтылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан Республикасында пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жоспарлы түрде жүргізіледі. «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес пневмококк инфекциясына қарсы профилактикалық егу балаларға өмірінің 2, 4 және 12-15 айлығында үш рет жүргізіледі», - дейді министр. 

Оның атап өтуінше, Қазақстан Республикасында пневмококк инфекциясына қарсы жоспарлы вакцинациялау 2010 жылдан бастап 13-валенттік конъюгацияланған вакцинаны қолдана отырып жүргізіліп келеді. 

«Соңғы 10 жылда елде пневмококкқа қарсы 2,6 млн бала егілді (7,4 млн астам егу алды) және халық арасында жеткілікті иммундық қабат қалыптасты. Ол осы инфекцияның, әсіресе егде жастағы адамдар арасында таралу белсенділігін төмендетеді» дейді Алексей Цой. 

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында пневмококк инфекциясына қарсы жоспарлы вакцинациялау жалғасуда.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар