#
#
Сенбі 17/04/2021

Солтүстік Қазақстанда анасы ұрған 3 жасар қыз қайтыс болды

  • 01.03.2021
  • 0
  • 238

Солтүстік Қазақстан облысында анасы өлімші етіп ұрған 3 жасар қыз қайтыс болып, полицейлер қылмыстық істің бабын қайта ауыстырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда 3 жасар қыз алған дене жарақаттарынан облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды. 17 қаңтар түскен сәбидің өміріне дәрігерлер араша түскенімен, аман алып қала алмады. 

Кәмелетке толмағанның денсаулығына аса ауыр зиян келтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабы 2 бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Сәбидің қайтыс болуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабы 3 бөлігіне өзгертілді. Бұл бойынша 8-12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Осы қылмысты жасаған қыздың анасы, 1998 жылы туған әйел ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды. 

Мамандардың айтуынша, қылмыстық істің аясында тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды. 

Қылмыстық істің тергеу барысын СҚО ПД бастығы, СҚО прокуроры бақылауға алды. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар