27 сәу, 2020 сағат 10:26

Соғыс ардагерлеріне лайықты құрмет көрсетіледі – Қасым-Жомарт Тоқаев

Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде аталып өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алдағы мамыр айындағы мерекелерді де үйде атап өтуге тура келеді. Бірақ, Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды. Бәріне лайықты құрмет көрсетіледі», - деді Президент. 

Осы оарйда Мемлекет басшысы әкімдер соғыс және тыл ардагерлеріне материалдық көмек беретінін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент келесі айда да азаматтарға 42 500 теңге көлемінде көмек берілетінін атап өтті.