02 қар, 2020 сағат 14:33

Смоленск облысында атыраулық жауынгердің елге жолдаған хаты табылды

Екінші дүниежүзілік соғысқа Атырау (бұрынғы Гурьев) облысынан аттанған жауынгердің хаты мен құтысы Ресейдің Смоленск облысынан табылды. Бірақ оның аты-жөні әзірге белгісіз, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жауынгердің хаты Смоленск облысы, Кардымов ауданы, Русаново елді мекені аумағындағы қайың тоғайда іздеу-барлау экспедициясын өткізу кезінде табылды. Алдымен жауынгердің құтысын (фляжка), содан кейін белдігін (фрагменттік) таптық. Олар ағаш тамырының астында 30-40 сантиметр тереңдікте жатқан. Белгісіз жауынгердің медальонында «Каз. ССР. Гурьевская область, г.Гурьев, Баксайский р-н, посёлка Сарайчик, получить Ербатыровой Рахимой» деген жазба бар. Бірақ өкінішке қарай жауынгер өзінің аты-жөнін жазбаған», - деп хабарлады «Переправа» іздестіру отрядының командирі Наталья Максимова.