06 қаз, 2022 сағат 19:44

Сметов - Әлем чемпионатының қола жүлдегері (видео)


Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Ташкентте өткен Әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері өзбек балуаны Дилшодбек Баратовпен жолығып, негізгі кезеңнің төрт минутында жеңімпазды анықтай алмай, қосымша уақытта күресті.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз бірнеше рет әдіс қолданып, «Golden score»-дың 26-секундында жеңіске жетті.

Бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта күрескен Әбиба Әбужақынова Қазақстан қоржынына қола медаль салған болатын.

Айта кетейік, бүгін басталған Ташкенттегі Әлем чемпионаты 13-іне дейін жалғасады.