16 шіл, 2018 сағат 14:44

"Славян базары" сахнасында Қазақстанның туын сүйген Әміре көпшілікті тәнті етті (видео)

Қазақ әншісі Ернар Садырбаев "Славян базарының" финалында француз тіліндегі өте күрделі әндердің бірін орындады.

Әншінің өнеріне тәнті болған көрермендер зор қошемет көрсетті. Фестивальге арнайы келген отандастары тарапынан да үлкен қолдау болды. 

Әміре (әншінің шығармашылық лақап аты) ән шырқап болған соң Қазақстанның туын сахнада желбіретуді бала кезінен армандап жүргенін айтты. Ал жүргізушілер бірден әншіге қолдау көрсетіп отырған қазақстандықтардан туды сахнаға беріп жіберуді сұрады. Осылайша арманына жеткен Ернар Садырбаев Витебск тұрғындарына жылы лебізін білдіріп, алғыс айтты.

"Қазақстан және Беларусь – мәңгі достар!", — деді ол. 

Айта кетейік, Қазақстан мен Румыния конкурсанттары бірдей балл жинаған – 156. Алайда әділ қазылар алқасы бас жүлдені Румыния әншісіне беруді ұйғарды. Қазақстан – бірінші, Украина – екінші орын алса, ал үшінші орын Польша мен Беларусь дарындыларына бұйырды.

sputniknews.kz