«Сколково» қорының төрағасы Аркадий Дворкович Алматы технопаркін аралап, қазақстандық инновациялық жобалармен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл форум - қос елдің инновациялық дамуын салыстыруға мүмкіндік беретін шара. Қазақстан мен Ресей мәдениеті бір-біріміне ұқсайды. Екі елде де тауар мен қызмет еркін жүзеге асырылады. Енді жасампаз жобаларға басымдық беретін уақыт келді. Бұл мәселелерді жиында бас қосқан премьер-министрлер және басқа да құзырлы орган өкілдері талқылауы тиіс. Бұл іске министрлер мен қолдау институттарын, ірі компанияларды қосу керек. Бүгінгі форум соған тамаша мүмкіндік болмақ», - деді Аркадий Дворкович.
А. Дворкович Қазақстан мен Ресей арасындағы ортақ жобалар туралы да тілге тиек етті. Сарапшы Ресей инновациялық компанияларының Қазақстан технопаркінде қалай жұмыс істеп жатқанын көрген.
«Мәскеу, Новосібір, Қазан қалаларында жасалған жобалар іс жүзінде Алматыда жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар өндірістік интернет, жасанды интеллект, үлкен мәліметтер базасы, медицинадағы блокчейн технологиялары, ауыл шаруашылығы, логистика саласында болып отыр», - деді Аркадий Дворкович.
Оның айтуынша, бұл үшін бірнеше элемент - іргелі ғылым, білім, стартап, ірі компаниялар, капиталды біріктіру керек.
«Қазақстандық новаторлардың пайдалы қазбаларды өндіру, өңдеу саласындағы жобалары қызықтырды. Үлкен мәліметтер базасы қаржы жүйесіндегі төлемдерді бақылауға, қаржылық құқықбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы саласында түрлі дәнді дақылдарды өсіру мен будандастыру саласында да өте қызықты жобалар бар екен», - деді спикер.
Бүгін Еуразиялық экономикалық одақ Үкімет басшылары Алматыда өтіп жатқан форум барысында цифрландыру мәселелерін талқылап жатыр. Жиынды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұйымдастырды. «Жаһандану дәуіріндегі цифрландырудың күн тәртібі 2.0.» дәстүрлі форумы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп келеді. Алқалы жиын ЕАЭО мүше елдері арасында цифрлық технологияларды біріге дамытуға бағытталған