Ашылу барысында Премьер-Министрдің орынбасары іс-шараның барлық қатысушыларына алғысын білдірді, сондай-ақ Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас барлық бағыттар бойынша дамып келе жатқанын және оң динамикаға ие екенін атап өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан-Беларусь бизнес-форумы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға ресми сапары аясында өтті. Ресми шараға Беларусь Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Александр Турчин, сондай-ақ екі елдің ресми және іскер топтарының 200-ден астам өкілдері қатысты.
Форум жұмысы барысында екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту және бизнесті жүргізудің тәжірибелік аспектілеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қауымдастық алдында тұрған міндеттер мен перспективалар талқыланды, сондай-ақ Қазақстан мен Беларусь бизнес-құрылымдары арасында жаңа байланыстар орнатылды.
Форум қорытындысы бойынша тараптар жалпы сомасы $75 млн тұратын машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, фармацевтика салалары бойынша келісімдерге қол қойды.
Беларусь Қазақстанның әлемдік аренадағы жетекші серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өту қажет. Тәуелсіздік алған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығының шарттық-құқықтық базасы әлеуметтік-экономикалық және стратегиялық қатынастардың түрлі салаларындағы 70-тен астам шарттар мен келісімдерден тұрады.