06 сәу, 2017 сағат 09:46

Сирияның Идлиб провинциясына тағы да шабуыл жасалды, 72 адам қаза тапты (Видео)

4 сәуірде таңғы уақытта Сирияның Идлиб провинциясында орналасқан Хан-Шейхун қаласы бомбалаудың құрбаны болып, 72 адам қаза тапты. Оның 20-сы - кәмелет жасына толмаған балалар. Осылайша, 160-қа жуық адам зардап шекті, - деп хабарлайды Euronews

Алдын ала болжам бойынша, химиялық қару қолданылған. Себебі әуеден соққы жасалғаннан кейін адамдар тұншыға бастаған. Сириядағы адам құқығын қорғау кеңесінің бақылаушылары (SOHR) адамдардың тұншығып қаза тапқандарын, есінен танып, жүрегі айнығандардың және аузынан көбік аққан адамдардың көп болғанын айтады. 

Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, қала тұрғындарына қатысты хлор немесе зарин қолданылған. Ол екеуі де улы. Жантүршігерлік суреттер мен видеоларды әлемдік БАҚ және Желі қолданушылар жариялап жатыр. 



kaz.tengrinews.kz