28 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Словакияның Шаморин қаласында синхронды жүзуден жастар арасындағы Әлем чемпионаты өтті. 15 жасқа дейінгі спортшылар бәсекесінде қазақстандық микс-дуэт алтын жүлдегер атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, микс-дуэтте Қазақстан атынан Эдуард Ким мен Жаклин Якимова қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша олар 155.3735 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды. Екінші орында испаниялық Мария Бофил пен Денис Гонзалес болса, үшінші сатыдан жапониялық Хиори Окано мен Ютаро Сато көрінді.