13 нау, 2023 сағат 18:54

СІМ өкілі Шенген визасын алу үшін жаңа ережелердің енгізілуіне қатысты пікір білдірді

© pixabay.com

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Шенген визасын алуда қазақстандықтар үшін жаңа ережелердің енгізілуіне себеп болуы мүмкін жағдайды атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Қазақстан СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың сөзінше, қазақстандық азаматтардың заңбұзушылықтары жаңа ережелер енгізуге себеп болуы мүмкін.

"Кейбір біздің азаматтар, Шенген аумағына кіретін елдерде болып, автокөлікті жалға алып, айыппұл төлемей, сол елден шығып кетеді. Әрине, бұл жағдайды ушықтырады. Басқа да заңбұзушылықтар болуы әбден мүмкін. Басқа елге барғанда оның ережелері мен заңдарын қатаң сақтау керек. Студенттер кредит алып, төлемей, қайтып кетіп жатады", - дейді ол.

Осыған дейін 1 наурыздан бастап Шенген визасын алу үшін қазақстандықтарға қосымша кеңестер алу керек болатыны айтылған еді.