Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Мұхтар Әблязовты елге экстрадициялау туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бүгін әлеуметтік желіде Қазақстан және Франция президенттері Әблязовті талқылады деген ақпарат тарады. Бұл туралы қандай да бір ақпарат бар ма", - деп сұрады журналистер.
"Кездесу барысында саяси ынтымақтастық, білім беру саласындағы сауда-экономикалық, ынтымақтастық талқыланды. Қазақстан мен Франция арасында бірқатар экономикалық келісім жасалды. (...) Әблязовке қатысты, бұл мәселе Қазақстанның ғана емес, Еуропа мен АҚШ-тың көптеген елінің құқық қорғау және сот органдарының құзыретінде. Бұл мәселе саяси деңгейде талқыланбайды", - деді Василенко.