Фото: Depositphotos
Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Ult.kz.
Отандастардан елден шығару мәселесін шешу үшін СІМ өкілдерімен байланысқа шығу сұралды.
"Ислам Республикасы Иранның әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен хабарласып, Иран аумағынан шығу мәселесін пысықтауды сұраймыз", — делінген хабарламада.
Эвакуация, ең ықтимал нұсқа бойынша, Иран–Әзербайжан, Иран–Армения, Иран–Түркия және Иран–Түрікменстан құрлықтық шекаралары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін екені нақтыланды.
Бұған дейін СІМ Таяу Шығыс елдерінің аумағында жүрген қазақстандықтарға арналған жедел желі нөмірлерінің тізімін жариялаған болатын.
