03 шіл, 2023 сағат 19:05

СІМ экс-бас консул Мейрам Қанапияға қатысты пікір білдірді

видеодан алынған кадр

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның экс-бас консулының мәлімдемесінен кейін Ресейде басталған тергеуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Кейбір мәліметтерге қарағанда, ол - Қазақстан аумағында емес, Швецияның бір жерінде жүрген. Сол жерден саяси баспана сұраған. Қазақстанда оған қатысты қылмыстық іс қозғалғандықтан, ол қудаланып жатыр. Сондықтан Ресей жағы оны тексергісі келді. Өйткені ол сонда тұрды. Біз оның қайда екенін білмейміз, ол Ресей Федерациясының шекарасынан өтті ме? Егер ол сонда болса, олар оны оңай ұстап, ақпарат бермеуі мүмкін", - деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Еске салайық, осыған дейін Ресей Қазақстанның экс-бас консулы Мейрам Қанапияның "орысфобиялық" мәлімдемесі дерегін тексере бастаған болатын.

видео: Tengrinews.kz