Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы дүниеге келген.
Ол С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетін және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы инженер, заңгер.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
2020 жылдың 21 қаңтарынан бері - Шымкент қаласының әкімі.