Фото: stan.kz
Шымкент қаласы тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті жәбірленушіге өзара жақтырмаушылық негізінде пышақ жарақаттарын салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Ult.kz хабарлайды.
Шымкент қаласы тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті жәбірленушіге өзара жақтырмаушылық негізінде пышақ жарақаттарын салған.
Әйел адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабар берген.
"Құқық қорғау органдары күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ұстау барысында қарулы күдікті қарсылық көрсеткендіктен, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болған. Күдікті медициналық мекемеге жеткізіліп, қазір полицияның бақылауында", – делінген хабарламада.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
