Шымкентте суррогат арақ-шарап жасайтын жасырын цех анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері арақ өнімдерін шығаратын жасырын цехты анықтады. Заңсыз кәсіпорыннан 7 мыңнан астам арақ өнімі және 12,9 тонна құрамында спирті бар сұйық тәркіленді.
Жүргізілген бірнеше сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген арақ-шарап – суррогат өнім, ал есепке алу-бақылау маркасы жалған екендігі анықталған. Мемлекетке 4 млн теңге залал келтірілген, оны күдікті толық өндірді.
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес тәркіленген сұйық – 96% этил спирті екендігі, мемлекеттік стандарттарға талаптарға сәйкес келетіндігі көрсетілген. 1 литр этил спиртінің орташа бағасы 1 400 теңге болып есептелген, яғни тәркіленген этил спиртінің жалпы бағасы 18 млн теңге.
Нәтижесінде, тәркіленген спирт өнімі мемлекет кірісіне алынып, ал суррогат алкогольді өнім жойылды.