Фото: msu.ru
ҚМА Шымкент қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерін көрсетпей, тауарларды жөнелтпей, жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан екі адамның әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
"Олар 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың тамызына дейінгі аралықта жалпы айналымы 2,1 миллиард теңгеден асқан 6 компания құрды, соның салдарынан мемлекеттік бюджетке салық түрінде 700 миллион теңгеге жуық қаржы түспей қалды", - делінген хабарламада.
Сот үкімі бойынша, күдіктілер қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.