05 ақп, 2021 сағат 11:30

Шымкентте пара алған шенеунік 10 жылға сотталды

Шымкент қаласында сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы 10 жылға сотталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде де тіркелуде. Мысалы өткен аптада Шымкент қаласында сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал «ИнвестСтройПроект ЛТД» ЖШС директоры 10 жылға материалдық жауапкершілікпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында. 

Данияр Бекайдаровтың айтуынша, олар Шымкент қаласының топографиялық түсірілім бойынша 49500 га (1:500 ауқымда) аумақтағы жұмысты мемлекеттік сатып алу кезінде қылмыс жасаған. 498 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінген. Сол үшін сотталған.