Шымкент қаласында қаржы пирамидасын құру күдігімен 6 адам ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қаратау ауданының Полиция басқармасы «Evolution Corporation» және «Indigo24» ұйымдарына қатысты ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. 2020 жылғы 23 қарашада Шымкент қаласының Мамандандырылған тергеу соты 6 күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын қолданды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда», - деп мәлім етті Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.